"Ақниет +" жеке мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Ақниет +" жеке мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Орал қаласының «Ақниет+» жеке балабақшасы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.

 

 

Осыған орай, Орал қаласында Гагарина 8 мекен-жайында,жер аумағы 329,5 ш/м құрайтын, «Ақниет+» балабақшасы, 2022 жылы маусым айының 19 жұлдызы күні ашылды.

Балабақша жалпы – 3 топтық, 66 орынға негізделді.

Балабақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:

-Ерте жас /1 жас 6 айдан бастап /

-Кіші топ /2 жастан/

-Ортаңғы топ/3 жастан/

-Ересек топ /4 жастан/

-МАД топ /5жастан/  

Мекеме екі қабатты,автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, кір жуатын бөлме мен шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма бар.

Медициналық кабинетпен қамтылған. Балабақшада жалпы 12 бейне камералар орнатылған, оның 9 данасы мекеме ішіне, 3 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус бар.

Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.

Арнайы бөлінген әр топқа арналған ойын алаңдары мен құралдары орналасқан алаңқайлар бар.

Бөбекжай-бақшаға тәрбиеленушілер https://balabaqsha.smartnation.kz электронды жолдамасы бойынша 1 жас 6 айдан бастап қабылданады. Балабақша жұмысын 8:00 ден бастап, кешкі сағат 18:00 де аяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.

Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.